Бүгін, 6 ақпан күні, спортшыларымыз аралас жұптар арасындағы топтық кезеңнің кезекті матчында Қырғызстан құрамасына қарсы ойнады.
Кездесу қазақстандық дуэттің пайдасына 12:5 есебімен аяқталды.
Бұл команда үшін қатарынан екінші жеңіс болды. Бұған дейін қазақстандықтар Қатарды жеңген еді.
Төрт ойыннан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде екі жеңіс пен екі жеңіліс бар. Біздің керлингшілер бұл кезеңдегі соңғы кездесуін бүгін Қазақстан уақыты бойынша 15:00-де Филиппин құрамасына қарсы өткізеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу