Құрама сапында Яна Хан, Ольга Тихонова, Малика Ермек, Зейнеп Құмарқан, Алина Ажғалиева және Мадина Жанбусинова өнер көрсетті.
Сондай-ақ, спортшыларымыз 1000 метрлік қашықтықтағы жарыс жолына шықты. Өкінішке қарай жүлдегер қатарына іліге алмады.
Команда сапынан Малика Ермек 5-ші нәтиже, Алина Әжғалиева 7-ші нәтиже, Ольга Тихонова 13-ші нәтиже көрсетті. Глеб Ивченко 6-шы, Әділ Ғалиахметов 9-шы, Айбек Насен 17-ші болып мәре сызығын кесті.
Сонымен қатар, Харбин қаласында шаңғы жарысынан әйелдер арасында 5 шақырымдық еркін стильдегі жарыс өтті.
Қазақстан құрамасы бұл сайыста 4 спортшымен өнер көрсетті. Жүлделер үшін Дарья Ряжко, Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина және Ангелина Шурыга бақ сынады.
Командамыздан ең үздік нәтижені Степашкина көрсетіп, 5-ші болып мәреге жетті. Шалыгина 7-ші, Шурыга 8-ші, ал Ряжко 9-орын алды. Қытайлық Цзялинь Баяни жарыс жеңімпазы атанды.