Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындарының алауы жағылады

356

Бүгін, 7 ақпанда Қытайдың Харбин қаласында IX қысқы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты өтеді.

Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындарының алауы жағылады Фото: harbin2025.com

Іс-шара Харбин халықаралық көрме орталығында ұйымдастырылып, жергілікті уақытпен 20:00-де, Қазақстан уақыты бойынша 17:00-де басталады.

Ашылу салтанатына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, сондай-ақ басқа да елдердің жоғары лауазымды қонақтары қатысады.

Олардың қатарында Бруней сұлтаны Хассанал Болкиах, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров пен Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари, Таиланд Премьер-министрі Пхетхонгтхан Чинават және Оңтүстік Корея Ұлттық жиналысының спикері У Вон Сик бар.

Ашылу рәсімі қарсаңында Си Цзиньпин мен оның жұбайы Пэн Лиюань іс-шараға келген мәртебелі шетелдік қонақтардың құрметіне салтанатты банкет ұйымдастырды.

Іс-шара шамамен 80 минутқа созылады. Онда әртістер өнер көрсетіп, қатысушылар шеруі өтеді және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин ойындардың ресми ашылуын жариялайды.

Салтанатты шараның режиссерінің айтуынша, қойылым тақырыбы адам мен табиғаттың үйлесімі мен қысқы спорт түрлеріне арналмақ.

Көрермендерге әсерлі визуалды көрініс сыйлау үшін жасанды интеллект пен жаңа технологиялар қолданылады.

Сонымен қатар, шоу барысында мұз бен қар элементтері пайдаланылады. Бұл Қытайдың қысқы спортқа деген қызығушылығын бейнелейді

Харбиндегі қысқы Азия ойындарының ресми ашылу салтанатын тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу