Харбинде фристайл-акробатикадан Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль жеңіп алды

247

Бүгін, 11 ақпан Харбиндегі қысқы Азия ойындарының төртінші жарыс күнін қазақстандық спортшылары тамаша нәтижемен бастады. 

Харбинде фристайл-акробатикадан Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль жеңіп алды Фото: Туризм және спорт министрлігі

Аяна Жолдас пен Ардана Маханова синхронды секіруде үшінші нәтиже көрсетті. Бұл Аяна Жолдастың Харбиндегі үшінші жүлдесі екенін айта кетейік.

Бұған дейін ол фристайл-акробатикадан жекелей жарыста қола медаль, аралас микстте күміс медаль иеленген болатын. 

Өкінішке қарай биатлоннан Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарында спринттік жарысында жүлдеге іліге алмады. Жарысқа төрт спортшы қатысты.

Ең үздік нәтижені Арина Крюкова көрсетіп, төртінші орынға ие болды. Ольга Полторанина бесінші орын алса, Дарья Климина жетінші болып мәре сызығын кесті. Полина Егорова 13-орынға тұрақтады.

Ал, Оңтүстік Корея атынан өнер көрсететін бұрынғы ресейлік биатлоншы Екатерина Аввакумова 2025 жылғы қысқы Азия ойындарының әйелдер спринтіндегі чемпионы атанды. Күміс пен қола медаль Қытай спортшыларына бұйырды.

Айта кетейік, бүгін сондай-ақ ерлер арасындағы спринттік жарыс өтеді. Басталуы – Астана уақытымен 10:00.

Сондай-ақ, бүгін жарыс жолына шыққан Қазақстан әйелдер құрамасы керлингтен Филиппинге қарсы 5:4 есебімен Азия ойындарында жеңіске жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу