Азия ойындарында спортшыларымыз тағы екі жүлде еншіледі

286

Ел қоржынында жалпы есепте 9 медаль бар. Оның 1-еуі алтын, 5-еуі күміс және 3-еуі қола медаль. 

Азия ойындарында спортшыларымыз тағы екі жүлде еншіледі Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан аралас командалар арасындағы сайыста Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды.

Команда құрамында Аяна Жолдас, Шерзод Хаширбаев және Асылхан Асан өнер көрсетті.

Ал, Олжас Климин Азия ойындарында шаңғы жарысынан 10 шақырымдық еркін стильде өткен жарыста қола жүлдеге ие болды.

Осы сайыс бойынша Жапония спортшылары алтын мен күміс жүлдеге ие болып, медальдық есепте бізден алшақтай түсті.

Сондай-ақ, қазақстандық спортшылардан 10 шақырымдық еркін стильдегі шаңғы жарысында Владислав Ковалев 6-шы нәтиже, Наиль Башмаков 10-шы нәтиже, Ернұр Нұрсбеков 16-шы нәтиже көрсетті.

Бүгін жарыс жолына шыққан Қазақстан ерлер керлинг құрамасы Азия ойындарында Филиппинге 1:4 есебімен есе жіберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу