ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты тікелей эфирде көрсетіледі

1733

ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын "Qazaqstan", "Qazsport", "Хабар" телеарналарынан тікелей эфирде көруге болады. 

ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты тікелей эфирде көрсетіледі

Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 16:30-да басталады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын боксшылардың капитаны Қамшыбек Қоңқабаев пен жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова алып шығады.

Ұлттық Олимпиада Коммитеттерінен келген делегациялардың шеруі 17:30-ға жоспарланған.  Шеруді Грекия құрамасы бастап, Жапония құрамасы аяқтайды. Шараға 205 мемлекеттен келген спортшылар қатысады.

XXXII Жазғы Олимпиада ойындары Токиода 23 шілде – 8 тамыз аралығында өтеді. Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың 27 түрі бойынша 97 лицензия бар.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу