ХОК жанкүйерлерге жылдың үздік спортшыларын таңдауды ұсынды

1862

Қазақстан ұлттық спорт сыйлығының үміткерлерін биыл алғаш рет жанкүйерлер таңдайды. 

ХОК жанкүйерлерге жылдың үздік спортшыларын таңдауды ұсынды

Қазақстанның ұлттық олипиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен бекітілген спорт сыйлығының үміткерлері  биыл үшінші рет анықталғалы отыр. Сейсенбі, 7 қараша күні, Қазақстан Республикасының ұлттық спорт комитеті "Хабар" агенттігімен бірлесіп үздік спортшылар мен спорт командаларын таңдаудың жаңа әдісі іске қосылғанын хабарлады. Биылғы жылы үміткерлерді жанкүйерлер таңдайтын болады. Оларға тура бір ай уақыт беріліп отыр.

Еске салар болсақ, алдыңғы екі жылда лауреаттарға сыйлық тағайындауды Қазақстанның ұлттық олипиада комитетінің, мәдениет және спорт министрлігінің өкілдерінен құралған арнайы комиссия шешті.  Енді қазақстандықтар өздері үздік деп таныған спортшы мен спорт командасына 28 қарашаға дейін ХОК-тың www.olympic.kz ресми сайтында дауыс бере алады. Сонымен бірге қарашаның ортасында "Хабар" телеарнасында ұлттық спорт сыйлығының арнайы күнделігі іске қосылады да, онда дауыс беретін үміткерлер туралы ақпарат және олардың 2017 жылғы жетістігі көрсетіледі.

"Осы жылдың спорттық күнтізбесі қызықты оқиғаларға толы, әр спорт түрі бойынша өткізіліп жатқан халықаралық шаралардың саны өте көп. Бұл шараларға қатысып жатқан біздің спортшылар жаңа спорттық жетістіктерге жетіп, жанкүйерлерін қуантуда. Биылғы жылы ұлттық болып аталған спорт сыйлығымен жылды қорытындылайтын боламыз. Жанкүйерлерді үздіктерді анықтауға белсенді қатысуға шақырамыз", – деді ұлттық олипиада комитетінің бас хатшысы Данияр Әбілғазин.

"Хабар" телеарнасының директоры Сандуғаш Рақымжанова телеарнада  әртүрлі спорттық шаралардың көрсетілгенін сөз ете отырып, осы жолы да қазақстандықтар өнеріне тәнті спортшыларына дауыс беруден қалыс қалмайтынына сенімді. Ұлттық сыйлықты табыстау салтанаты 2017 жылдың 30 қарашасы күні өтеді, ал үміткерлерді марапаттау рәсімі 2 желтоқсан күні көрсетіледі.

"Бұл шара біздің спортшыларымыз қатысқан жарыстардағыдай көңіл-күй сыйлайтынына сенімдіміз", – деді Сандуғаш Рақымжанова.

Биыл ұлттық спорт сыйлығының жеңімпаздары "Жазғы ойын түрлері бойынша ең үздік жыл спортсмені", "Қысқы ойын түрлері бойынша ең үздік спортшы", "Ең үздік жас спортшы", "Жазғы ойын түрлері бойынша ең үздік жаттықтырушы", "Қысқы ойын түрлері бойынша ең үздік жаттықтырушы", "Олимпиадалық ойын түрлері бойынша жылдың ең үздік ұлттық спорт федерациясы", "Ең үздік спорттық өңір", "Жыл жаңалығы", сондай-ақ "Жылдың ең үздік командасы" деген тоғыз номинация бойынша анықталады.  

Еске сала кетейік, 2015 жылдың қорытындысы бойынша, сыйлық ең алғаш берілген кезде тоғыз номинация болып, оның ішіндегі "Жыл спортшысы" деген атақты дзюдо бойынша әлем чемпионы болған Елдос Сметов иеленген болатын. Сол кезде жыл жаңалығы деген атақ қазақстандық футбол клубтарының ішінде алғашқы болып УЕФА чемпиондар лигасының 2015/2016 жылғы маусымында топтық кезеңінде ойнау құқын жеңіп алған "Астана" футбол командасына берілді.  Сонымен бірге "Жыл командасы" деген атаққа 2016 жылы әлем чемпионының жоғарғы дивизионында ойнау құқын иемденген Қазақстанның хоккей құрама командасы лайықты болды.

2015 жылдың қортындысы бойынша "Ең үздік спорт менеджері" деген атақ "Астана Арланы" кәсіби бокс клубының бас директоры, қазіргі мәжіліс депутаты Серік Сапиевке берілген еді. "Астана Арланының" сол кезде жаттықтырған спортшылары 2014/2015 маусымының бүкіләлемдік бокс сериясын жеңіп алып, 2015 жылы Қазақстанның ең үздік спорт клубы болды. 

Гүлназ Ермағанбетова, Игорь Воротной
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу