Хоккейден ел құрамасы қарсылас қақпасына жауапсыз 11 гол соқты

1018

23 ақпан мен 5 наурыз аралығында Ресей Федерациясының Кемеров облысында II "Азия балалары" қысқы халықаралық спорттық ойындары өтуде.

Хоккейден ел құрамасы қарсылас қақпасына жауапсыз 11 гол соқты

Хоккей турнирі аясында 15 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы (2007–2008 ж.т.) өнер көрсетуде. Матчтар Новокузнецкте өтуде. Біздің команда А тобында ойнап, онда Қиыр Шығыс федералдық округі (ҚФО), Саха Республикасы (Якутия) және Кузбасс командаларына қарсы үш матч жопарланған болатын. Б тобында үш команда ойнайды: Орал ФО, Сібір ФО және Беларусь құрамасы. Сондай-ақ үшінші және бесінші орындар үшін матчтар ойналады.

Ең алдымен Қазақстан құрамасы Новокузнецктегі "Кузнецкий лед" шағын мұз аренасында алғашқы жаттығуын өткізді. Топтық кезеңнің матчтары да сонда өтті. 

"Азия балалары" хоккей турнирінің топтық кезеңінің бірінші ойынында 15 жасқа дейінгі хоккейшілерден құралған Қазақстан құрамасы Қиыр Шығыс федералды округінің командасымен кездесті. Қарсылас бірінші кезеңде басымдылықты пайдаланып, жауапсыз 5 гол соқты. Екінші кезеңде Қиыр Шығыс хоккейшілері тағы екі гол соқты, бұл кезде қазақстандық жастар Артур Глухихтің күш-жігерінің арқасында бір шайбаны қайтара алды. Ойын соңында хоккейшілеріміз есеп айырмасын тағы екі голға қысқартып, Әмір Алпкарин мен Әлішер Сәркенов гол соқты. Қорытынды есеп 3:7. Еліміздің құрамасы алғашқы ойында жеңіліс тапты.

Қазақстан құрамасы екінші матчта Саха Республикасының командасымен кездесті. Хоккейшілеріміз қарсылас қақпасына жауапсыз 11 гол соғып, ірі жеңіске жетті. Бұл кездесуде Артур Глухих покер жасаса, Корней Корнеев пен Айтуар Нұржанов екі рет гол соқты, Әлішер Саркенов пен Бексұлтан Мақыш та бір бір голдан соғып, көзге түсті. Топтық кезеңдегі келесі ойын.Қазақстан құрамасы 28 ақпан күні Кузбасс командасына қарсы ойнайды, кездесу Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады. Естеріңізге сала кетейік, топта бірінші және екінші орын алған командалар турнирдің жартылай финалына жолдама алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу