Сәуірдің 17-сі мен 23-і аралығында Кореяның Сувон қаласында шайбалы хоккейден 1 В дивизионындағы әйелдер құрамалары арасында әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы Польша, Италия, Корея, Ұлыбритания және Словения құрамаларымен А тобына жолдама алу үшін сынға түседі.
8 сәуірде Виктория Сазонова бастаған команда Астанада алғашқы оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. 12 сәуірде Кореяға жол тартса, 15-інде Ұлыбритания құрамасымен сынақ матчын өткізеді. 17 сәуірде Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем чемпионатын Ұлыбританияға қарсы ойынмен ашады.
Астана уақыты бойынша әлем чемпионатының матчтарының кестесі:
17.04, 09:15 - Ұлыбритания - Қазақстан
18.04, 09:15 – Қазақстан – Словения
20.04, 12:45 - Италия - Қазақстан
22.04, 16:15 - Қазақстан - Польша
23.04, 12:45 – Қазақстан – Корея
Турнирде бірінші орын алған командаға А тобына жолдама беріледі.
Сонымен қатар Қарағандыда хоккейден әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты жалғасуда. "Томирис" командасы турнир аяқталуға бірнеше ойын қалғанда бірінші орынды қамтамасыз етті. Александр Тебенковтың шәкірттері алғаш рет Қыздар Хокей лигасының чемпионы атанды.
1-кезеңде "Томирис" "Торпедо" командасын айқын басымдықпен жеңді (2:0). Үшінші кезең астаналық қыздар үшін сәтті өтіп, торпедолықтар қақпасына қатарынан төрт гол соқты. Бүгінге дейін Томирис 26 кездесудің 25-інде жеңіске жеткен және басты қарсыласы "Айсұлудан" он ұпай алға озды.