Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

242

Бұл Қазақстан әйелдер құрамасының алғашқы күмісі. Осыған дейін олар Азия ойындарында 3 алтын, 3 қола иеленген болатын. 

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қысқы Азия ойындарының финалдық кездесуінде Қазақстан әйелдер құрамасы Кореямен кездесті.

Бірінші кезеңде хоккейшілеріміз Малика Алдабергенованың голының арқасында есеп ашты.

Екінші кезеңде гол соғылмады. Бірақ үшінші кезеңде Юлия Буторина мен Дарья Молдабай қазақстандықтардың басымдығын нығайта түсті. 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Корея - Қазақстан - 0:3 (0:1, 0:0, 0:2)

0:1 - 05:50 - Алдабергенова (Шегай, Тұрсынова) Г.Б.

0:2 - 43:23 - Буторина

0:3 - 53:30 - Молдабай

Қақпашылар: Ким - Щеколова

Ал, финалда Жапония құрамасы Қытайдан басым түсті.

Осылайша, хоккейшілермізге күміс жүлде бұйырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу