Қысқы Азия ойындарының "А" тобындағы екінші ойында Қазақстан құрамасы турнир қожайындары Қытаймен кездесті.
Бірінші кезеңде гол соғылмады. Бірақ, екінші кезеңде Надежда Филимонова алғашқы болып есеп ашты. Үшінші кезеңде қарсыластар есепті теңестіре алды. Ал кездесудің 48-минутындағы Александра Шегайдың соққан тамаша голы біздің командаға жеңіс әкелді.
Қытай - Қазақстан - 1:2 (0:0, 0:1, 1:1)
0:1 - 35:29 - Филимонова (Шегай, Оразбаева)
1:1 - 42:36 - Ван (Ку)
1:2 - 48:37 - Шегай (Оразбаева)
Қақпашылар: Лай - Щеколова
Осылайша, қыздарымыз турнирлік медальдар үшін күресті жалғастырып, ертең 14 ақпан күні Корея құрамасымен шешуші кездесу өткізеді. Сондай-ақ, ертең Жапония мен Қытай құрамалары кездеседі.