Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Қытайды жеңді.
Хоккейшілеріміз екінші кезеңнің соңында екі шайба, ал үшінші кезеңнің соңында тағы бір шайба соқты. Гол авторлары капитан Роман Старченко, Дмитрий Гренц және Дмитрий Бреус.
Турнир қожайындары ойын аяқталуға 73 секунд қалғанда есепті қысқартқанымен, келесі шабуылда өз қақпаларына гол жіберіп алды. Осылайша, Қазақстан құрамасы 3:1 есебімен жеңіске жетіп, финалға шықты.
Қазақстан 3:1 Қытай
1:0 – Старченко (Рымарев) – 36:45
2:0 – Гренц (Михайлов, Оспанов) – 39:47
2:1 – Ван (Миншеньхао) – 58:47
3:1 – Бреус (Лихотников) – 59:12
Финалдағы қарсылас екінші жартылай финалдық матчтан кейін белгілі болады.
Бүгін 11:00-де Оңтүстік Корея мен Жапония кездеседі. Шешуші кездесу 14 ақпанда өтеді және сағат 11:00-де басталады.