Бірінші кезеңде оңтүстіккореялық команда Кан Юн-Соктың соққан шайбасының арқасында алға шықты.
Хоккейшілеріміз есепті тек үшінші кезеңде теңестіре алды. 5-минутта Артём Лихотников көзге түсті. Ойынның аяқталуына 2 минут қалғанда Қазақстан құрамасының капитаны Роман Старченко мүмкіндігін тиімді пайдаланып, жеңіс голын соқты.
Осылайша, Қазақстан құрамасы топтық кезеңді 5 матчтың барлығында жеңіске жетіп, 15 ұпаймен А тобында бірінші орын алды. Бұған дейін командамыз Таиландты (12:0), Қытайды (6:1), Қытай Тайбэйін (17:0) және Жапонияны (4:1) жеңген болатын.
11 ақпанда ширек финалда Қазақстан құрамасы Қырғызстан мен Гонконг арасындағы матчта жеңіліс тапқан командамен кездеседі.