Хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды

103

Бейжіңде хоккейден Азия чемпионаты мәресіне жетті. 

Хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды

Қазақстандық хоккейшілер Бейжіңде өткен Азия чемпионатында барлық матчта жеңіске жетті. Құрамамыз соңғы турда Жапония құрамасынан 4:3 есебімен басым түсті.
Бірінші кезең 1:1 есебімен аяқталып, алғашқы голды Кирилл Ляпунов соқты.

Екінші кезеңде біздің хоккейшілер алға шықты. Алайда жапониялықтар қайтадан таразы басын теңестірді. Ал хоккейшілеріміз 18 секундтан кейін-ақ жауап қайтарып, мүмкіндікті тиімді пайдаланды. Бұл кезең 4:2 есебімен аяқталып, Роман Старченко дубль авторы атанды. Матч соңында қарсылас есеп айырмасын қысқартты. Алайда біздің жігіттер жапониялықтардың шабуылын тоқтатып, жеңісті сақтап қалды. Осылайша Қазақстан құрамасы қатарынан екінші мәрте Азия чемпионы атанды. 

Қазақстан – Жапония 4:3 (1:1, 3:1, 0:1)
1:0 – 05:47 – Ляпунов (Старченко, Мусоров) 
1:1 – 18:22 – Судзуки (Ушио)
2:1 – 21:37 – Старченко (Михайлов, Мусоров)
2:2 – 24:52 – Сато (Йонеяма, Накаджима) 
3:2 – 25:10 – Борисевич (Ляпунов, Мусоров)
4:2 – 29:28 – Старченко (Бойко, Муратов)
4:3 – 55:51 – Окуба (Накаджима, Сато)

Қақпашылар: Калмыков – Оцука

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу