Хоккейден Қазақстан құрамасы Францияға есе жіберді

451

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Финляндияда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші тур ойынында Франция құрамасынан жеңіліп қалды. А тобындағы командалардың кездесуі 1:2 есебімен аяқталды.

Хоккейден Қазақстан құрамасы Францияға есе жіберді

Бірінші кезеңде Юрий Михайлистің шәкірттері белсенділік танытты. 5-минутта Валерий Орехов есеп ашты. Екінші 20 минуттық кезеңде француздар есе қайтарды. Бұл жолы 32-минутта Александр Тексиер гол соқты. Ал үзіліске 25 секунд қалғанда француздар Флориан Шакиашвилидің голынан кейін алға шықты. Қорытынды кезеңде таблодағы есеп өзгерген жоқ. Осылайша, Қазақстан 2022 жылғы әлем чемпионатында екінші рет жеңіліс тапса, Франция алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Кездесу аяқталғаннан кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Михайлис матчқа қатысты пікір білдірді.

– Бүгін біз тәртіптірек ойнадық. Бірінші кезең жақсы басталды. Шабуылымыз сәтті аяқталып, гол соқтық. Бірінші кезеңді өз бақылауымызда ұстадық. Екінші кезеңде қарсылас басымырақ болды, шайбаға иелік етті. Содан кейін осалдық танытқан шығармыз. Қарсыластар бізге екі гол соқты. Үшінші кезеңде кездесудің бағытын өзгертуге тырыстық. Көп қысым жасадық. Бірақ нәтиже болған жоқ.

Екінші кезеңнің соңында Блэкэр айдыннан қуылды...

 Иә, ол айдыннан кеткен соң қақпамызға гол соғылды. Жігіттерге сабырлы болыңдар деп ескерттім. Сабырмен және тәртіппен ойнау керек. Хоккейші айдыннан кеткеннен кейін бізге гол соғылды.

– Екінші кезең шешуші болды ма?

 Иә, әрине, гол жіберіп алмау керек еді.

 Қарсылас соққылардың басым бөлігіне тосқауыл қоя алды ма?

 Иә, тағы да ірі денелі ойыншылар, шайба сырғып, қарсылас қақпасынан саңылау табуы қиын болды. Бірақ шабуылдадық, біз жақтан тосқауылдар көп болды. Соңына дейін күрестік.

 Француздар жылдамдық жағынан да жақсы қимылдағандай болды?

 Иә, жалпы ойыншылар ірі денелі. Алайда біздің қорғаушылар оларға төтеп берді.

 Алда демалыс күні. Қандай жоспарларыңыз бар?

 Біраз демалып, келесі матчқа дайындаламыз.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан турнирді 1:9 есебімен ірі жеңіліспен бастаса, француздар алғашқы ойында Словакиядан 2:4 есебімен ұтылып қалды. Михайлистің шәкірттері келесе матчты 17 мамыр күні Швейцария құрамасына қарсы өткізеді.

Ермұхамед Мәулен