Хоккейден Қазақстан құрамасы Қытайдан басым түсті

93

Бейжіңде ерлер арасында Азия чемпионаты өтуде. 

Хоккейден Қазақстан құрамасы Қытайдан басым түсті

Екінші турда біздің хоккейшілер жарыс қожайындары – Қытайды 5:1 есебімен ойсырата ұтып, өз шеберліктерін тағы бір дәлелдеді. Гол авторлары - Максим Мусоров ("Торпедо"), Степан Александров ("Торпедо"), Батырлан Мұратов ("Барыс"/"Номад"), ол бұл ойында дубль жасады, және Артур Гатиятов ("Номад").

Алғашқы ойында Қазақстан Оңтүстік Кореяны 4:2 есебімен ұтқан болатын. Екі турдан кейін ұлттық құрамамыз алты ұпай жинап, турнир кестесінде жеке-дара көш бастап тұр. 

Сондай-ақ бүгін Корея құрамасы Жапонияны 1:0 есебімен жеңді.

Шешуші кездесу 23 қараша, жексенбі күні өтеді. Қазақстан Жапониямен чемпиондық атақ үшін таласады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу