Хоккейден Қазақстан құрамасы Ресейге жол берді

282

Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Hockey Open турниріндегі алғашқы ойында Қазақстан хоккей құрамасы "Ресей 25" командасымен кездесіп, 1:4 есебімен жеңіліс тапты. 

Хоккейден Қазақстан құрамасы Ресейге жол берді Фото: ҚХФ

Ресей құрамасына қарсы өткен матчта хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Олег Болякин келесі құрамды айдынға шығарды: Кудрявцев (Әмірбеков) – Орехов–Метальников, Михайлис–Шестаков–Колесников; Бекетаев–Данияр, Панюков–Лихотников–Әсетов; Михайлов–Гайтамиров, Рымарев–Өмірбеков–Савицкий; Бреус–Волков, Қайыржан–Мұхаметов–Мұратов.

Бірінші кезеңде Сергей Кудрявцевтің қақпасына Данил Аймурзин мен Дмитрий Саморуков 2 жауапсыз шайба соқты. 

Екінші кезеңде Марат Хайруллин мен Михаил Воробьев есеп айырмасын ұлғайтты. Соңғы 20 минутта айдын иелері Әлихан Әсетовтің арқасында 1 голмен жауап қайтарды – 1:4.

Турнирдің екінші ойынында 3 мамыр күні сағат 17:00-де Қазақстан құрамасы Беларусь хоккейшілерімен кездеседі. Ал 10 мамырда Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатын Норвегияға қарсы матчпен бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу