Хоккейден Президент кубогы тоқтатылды

1791

"Барыстың" жиынының басталуы кейінге қалдырылды, Қазақстан Республикасының  Президентінің кубогы тоқтатылды.

Хоккейден Президент кубогы тоқтатылды

Хоккейден Қазақстан Республикасының Президентінің кубогі биыл он бірінші рет тамыз айында өткізілуі тиіс болатын. Құрлықтық Хоккей лигасының маусымалды кестесіне енетін турнир осы уақытқа дейін 10 рет ұйымдастырылып, оның тең жартысын Нұр-Сұлтан қаласының "Барыс" хоккей клубы иеленген болатын. Биыл да елордалық команданың жеңіске деген мүмкіндігі жоғары еді. Турнирге дәстүрлі түрде бес команда қатысып жүрген. Бірақ биыл бір команда қысқарды. Ол Владивостоктың "Адмирал" командасы. Енді аталған клуб Құрлықтық Хоккей Лигасының 2020-2021 жылғы маусымында қаржылық қиындыққа байланысты ойнамайтын болды.

Сонымен "Адмиралдың" ойыншылары таратылды. Кейіннен Владивостоктың көршісі Хабаровскінің "Амуры" да Нұр-Сұлтанға келе алмайтыны белгілі болды. Ол команда да қаржылық қиындық туындады. "Амур" ойыншыларына былтырғы жылдың жалақыларын бере алмаған. Құрлықтық хоккей лигасының президенті Алексей Морозовтың айтуынша Хабаровскінің хоккей клубы қаржы үнемдеу үшін тек Қазақстанға ғана барудан бас тартып отырған жоқ. Олар тіпті ҚХЛ-ның ойындарына қатыспауы мүмкін деп отыр.

Нәтижесінде 7-11 тамыз аралығына жоспарланған елордадағы турнир тек бір айналым ғана өтіп, оған "Барыс", новосібірлік "Сібір", Минскінің "Динамо" командалары мен Оңтүстік Корея Ұлттық құрамасы қатысуы тиіс болатын. Қазақстанда карантин режимі 2-тамызға дейін ұзартылғандықтан, "Барыс" турнирге дайындалып үлгермейді. Сол себепті биылғы маусымда Президент кубогі турнирін өткізудің мәні де қалмады. Осы мәселеге байланысты "Барыс" хоккей клубының ресми сайтында хабарлама жарияланды.

"ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің ресми мәлімдемесіне сәйкес, Қазақстанда 2 тамызға дейін шектеу шаралары ұзартылады. Осылайша, "Барыс" хоккей клубы маусым алдындағы жиындардың басталуы тамыздың басына ауыстырылғанын хабарлайды. Сонымен қатар, тамыз айының бірінші онкүндігіне жоспарланған шайбалы хоккейден ҚР Президентінің кубогы үшін халықаралық турнирдің дәстүрлі ұтыс ойыны тоқтатылды. Мұндай шешімді ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында қабылдады", - деп хабарламада жазылған.

Ермұхамед Мәулен

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу