Хоккейшілеріміз әлем чемпионатындағы алғашқы матчта жеңіліс тапты

271

7-13 желтоқсан аралығында Словенияның Блед қаласында жасөспірімдер арасында хоккейден Әлем чемпионаты өтуде.

Хоккейшілеріміз әлем чемпионатындағы алғашқы матчта жеңіліс тапты Фото: ua.tribuna.com

Қазақстан жастар құрамасы (U20) Словенияда өтіп жатқан IA дивизионындағы жастар арасындағы әлем чемпионатының алғашқы матчында Украинаға күтпеген жерден жол берді. Кездесу 1:2 есебімен аяқталды.

Алғаш болып есеп ашқан қазақстандықтар еді. 7-минутта Корней Корнеев дәл соққымен көзге түсті. Алайда 42-минутта украиналық Никита Куликов есепті теңестірді. Ал овертаймда (63-минут) Данила Кураев Украина құрамасына жеңіс әкелді.

Украина U20 – Қазақстан U20 2:1 ОТ (0:1, 0:0, 0:0, 1:0)

0:1 – 06:52 – Корнеев (Кажибеков, Имашев)
1:1 – 41:55 – Куликов (Косарев, Шубинский), ГБ
2:1 – 62:33 – Кураев (Хапоненко, Стасюк)

Қақпашылар: Левшин – Ряшин

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Франция, Аустрия, Норвегия, Словения және Украина командаларымен бірге топ-дивизионға жолдама үшін сынға түсуде. 

Алдағы матчтар кестесі:

8 желтоқсан, 23:30 – Қазақстан - Словения
10 желтоқсан, 23:30 – Қазақстан - Франция
11 желтоқсан, 20:00 – Норвегия - Қазақстан
13 желтоқсан, 20:00 – Қазақстан - Аустрия

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу