Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының жетекшісі Тілеуғали Қышқашбаев қоғамдық кеңестің талқысына қаладағы бірнеше көшенің атауын өзгертуді ұсынды. Соның ішінде қазақтың үш биіне, ұлы философ Әл-Фарабиге және Олимпиада чемпионы Анатолий Хропатыйға арналған көшелер беруге болатынын айтты.
"Қазақтың даңқты ауыр атлеті, Олимпиадиа чемпионы, Әлем мен Еуропаның 5 дүркін чемпионы Анатолий Хропатыйға арнап бір көшенің есімін беруге болады деп есептймін", - деді ол өз мәлімдемесінде. Енді бұл ұсыныс қоғамдың кеңестің талқысына алынып, алдағы уақытта бірнеше талдау жұмыстарынан кейін шешімі шығарылатын болды.
Ермұхамед Мәулен