banner

Huawei Nova 2 және Nova 2 Plus смартфондары таныстырылды

4513

Huawei компаниясы  Full HD-экраны бар және ОС Android 7.0 Nougat Nova 2 және Nova 2 Plus смартфондарын ұсынды.

 Huawei Nova 2 және Nova 2 Plus смартфондары таныстырылды

Екі смартфонда да 12 және 8 Мпикс модульді қарастыратын қосарланған камера бар. Сондай-ақ жарықдиодты жарқылдақ және фазалық автотоғыстыру жүйесі қарастырылған. Смартфонның 20-мегапиксильді сенсорлы фронтальды камерасы бар.

Huawei Nova 2 және Nova 2 Plus  Kirin 659 (2,3 ГГц) 8 ядролы процессор базасында, ARM Mali-T830 MP2 және 4 ГБ ОЗУ графикасында жұмыс істейді. Басқа сипаты айтарлықтай ерекшеленбейді.  Huawei Nova 2  смартфонында Full HD (1920×1080) 5-дюймдік дисплей формат және 64 ГБ флешь-жады қарастырылған. Аккумулятордың сыйымдылығы 2950 мА·сағ.     

Смартфонның салмағы 143 г, көлемі – 142,2×68,9×6,9 мм.  Huawei Nova 2 Plus смартфонында 5,5-дюймдік Full HD-экран,  128 ГБ флеш-жады және сыйымдылығы 3340 мА·сағ болатын аккумуляторы бар. Көлемі 153,9×74,9×6,9 мм, салмағы – 169 г. Екі жаңа смартфонның да дактилоскопиялық сканері бар,Wi-Fi 802.11b/g/n, Bluetooth 4.2,  GPS/ГЛОНАСС қабылдағышы бар.


Huawei Nova 2 смартфонын  365 долларға, Huawe Nova 2 Plus сматрфонын 420 долларға сатып алуға болады. Жаңа смартфондар Қазақстанға осы жылдың күзінде келеді.  

Материал жарнама ретінде жарияланып отыр. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу