Hyundai Trans Kazakhstan зауыты көліктерді көбірек шығара бастады

4626

Қарағандыда жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы қалай жұмыс істейді.       

Hyundai Trans Kazakhstan зауыты көліктерді көбірек шығара бастады

 

Шілде айынан бастап отандық Hyundai Trans Kazakhstan зауыты автокөлік өндірісі мен оның жеткізілуін айына төрт мыңға дейін арттырды. Қазір бұл жерде тоғыз модель шығарылады және оның бесеуін жеңілдетілген 4%-дық автонесиемен алуға болады. 

Қазақстан автобизнес қауымдастығының деректері бойынша, алматылық зауыт қаңтар-мамыр айлары аралығында 13 780 жеңіл автокөлік шығарған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 41,4%-ға артық. Бес айда Қазақстанда 40 628 дана техника өндірілді. 

"Біздің негізгі міндетіміз – отандық нарыққа Hyundai әлемдік брендінің технологиясы мен әлемдік стандарттарын, оның сапасын әкелу, жергіліктендіруді тереңдету. Біз автокөліктерді жоғары технологиялы заманауи жабдықтармен өндіреміз, дәнекерлеу цехында Accent және Tucson модельдерін дайындаймыз. Осы жылы зауыт толық қуатымен жұмыс істеп, шілде айынан бастап біз қазақстандықтар үшін екі есе көп автомобиль шығаратын боламыз", - деді Hyundai Trans Kazakhstan зауыты Дәнекерлеу цехының басшысы Руслан Лұқпанов.

Автокөліктер Алматыдан бүкіл Қазақстанға тасымалданады. Жақында Hyundai-дың кезекті партиясы Қарағандыға жеткізілді. Динара Кабельдинова – жеңілдетілген бағдарлама бойынша автокөлік сатып алғандардың бірі.

"Біздің отбасымыз тек осы марканы қарастырды, себебі өзімізде Hyundai көлігі болған.  Ол өзін өте жақсы көрсетті. Кезекке тұрып, банке барып, өтінім бердік. Tucson моделін таңдадық. Өте қуаныштымыз", - деп автосалон клиенті өз ойымен бөлісті.

 

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының негізгі шарттарын еске салайық: номиналды сыйақы мөлшерлемесі – 4 %,  несиелеу сомасы 10 миллион теңгеден дейін, автомобиль құны 15 миллион теңгеге дейін, несие беру мерзімі 7 жылдан аспайды, бастапқы жарна – 0 пайыздан бастап. Бағдарлама "револьверлік" әдіске негізделіп

30 жылға есептелген. Бағдарламаға екі жылда бір рет қатысуға болады.

Hyundai Trans Kazakhstan зауыты автомобильдер желісін кеңейтуде – қазірдің өзінде Santa Fe, Palisade және Tucson автомобильдерінің дизельдік нұсқалары шығарылып жатыр.

Ал шілде айында жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша қолжетімді болатын i30 және Bayon модельдерін өндіре бастауды жоспарлап отыр.

"Біз отандық Hyundai автокөліктері үлкен қызығушылық тудырып отырғанын көріп отырмыз. Құны 15 миллион теңгеге дейінгі автомобильдер жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша қолжетімді. Сондай-ақ, дизельді автокөліктер үшін өзіміздің қаржыландыру бағдарламаларымыз да бар", - деді Hyundai Premium Karaganda дилерлік орталығының директоры Кеңес Осипов.

Клиенттермен кері байланыс үшін тәулік бойы 7007 байланыс орталығы жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу