IBA алдағы әлем чемпионатында жеңімпаздарға рекордтық сыйақы ұсынып отыр

322

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 2025 жылғы ерлер арасындағы элита санатындағы әлем чемпионаты жайлы ақпараттармен бөлісті. 

IBA алдағы әлем чемпионатында жеңімпаздарға рекордтық сыйақы ұсынып отыр Фото: IBA

Жарыс 2-13 желтоқсан аралығында Дубайда (БАӘ) өтеді. Турнирдің жүлде қоры рекордтық 8 миллион АҚШ долларын құрайды.

Әр салмақ дәрежесінің жеңімпазына 300 мың доллардан беріледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай көлемдегі сыйақы бұған дейін мұндай деңгейдегі жарыстарда болмаған.

"Бұл әлем чемпионаты тек рекордтар мен ақшаның көрсеткіші емес. Бұл әрбір боксшы, әрбір бапкер мен әрбір ұлттық федерацияның лайықты құрметке әрі марапатқа ие болуы үшін ұйымдастырылып отыр", – деп атап өтті IBA президенті Умар Кремлёв.

Алдағы турнирдің афишасы да ерекше назар аудартты. Онда 2024 жылғы Париж Олимпиадасының жүлдегері, Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Нұрбек Оралбай бейнеленген. Бұл қазақстандық команданың алдағы әлем біріншілігіндегі рөлінің маңыздылығын айқындайды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл қыркүйек айында Қазақстан ұлттық құрамасы Англияның Ливерпуль қаласында өткен World Boxing әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу