Ибрагим Магомадов грек-рим күресінен әлем чемпионатын жеңіспен бастады

285

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Ибрагим Магомадов Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы белдесуін өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ибрагим Магомадов грек-рим күресінен әлем чемпионатын жеңіспен бастады Фото: olympic.kz

Қазақстандық балуан 82 келіге дейінгі салмақта италиялық Лука Дариоццимен күш сынасты.

Бірінші кезеңде италиялық балуан 3:0 есебімен басым түсті. Дегенмен екінші үш минуттықта отандасымыз тізгінді өз қолына алып жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Мерей Мәулитқанов (77 келі) алғашқы кездесуінде жеңіске жеткен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу