Игита бесінші мәрте әлемнің үздік қақпашысы атанды

2219

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының және алматылық "Қайраттың" қақпашысы Леонардо Де Мело Вийера Лейте "Игита" бесінші мәрте әлемнің үздік қақпашысы атанды.

Игита бесінші мәрте әлемнің үздік қақпашысы атанды

Бүгін танымал Futsalplanet.com сайтыда дауыс беру қорытындысы жарияланды. Игита 603 ұпай жинап, басты қарсыластар Португалияның "Спортинг" командасында ойнайтын Тьяго Мендес Роша (561) мен Испанияның "Интер Мовистар" қақпасын қорғайтын Хесус Херреро Парронды (409) басып озды. Бүгінгі таңда Игита бұл номинация бойынша рекорд иегері. Ол бұған дейін 2015, 2016, 2018 және 2019 жылдары әлемнің үздік қақпашысы атанды.

Сондай-ақ, футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлемдегі ең үздік команда атағына ұсынылды. Барлығы он номинация бойынша жеңіске жету үшін он команда - Аргентина, Бразилия, Чехия, Қазақстан, Марокко, Португалия, Ресей, Сербия, Испания және Венесуэла бақ сынады.

Дауыс беру нәтижесі бойынша бұл номинацияда Бразилия ұлттық құрамасы 748 ұпаймен бірінші орынды иеленді. Испания 651 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Ал 525 ұпай жинаған Аргентина құрамасы үштікті қорытындылады. Қазақстан ұлттық құрамасы 98 дауысқа ие болып, жетінші орынды қанағат тұтты. Ұлттық құрамамыз осы номинацияға осыған дейін екі мәрте ұсынылған. 2015 жылы 269 ұпаймен үшінші орынға ие болса, 2016 жылы 132 дауыс жинап, алтыншы сатыға жайғасқан еді.

Өткен жылдың басында Қазақстан құрамасы Чехия, Словения және Румыниямен бір топта әлем чемпионатына жолдама алды. Каканың шәкірттері үшін әлем чемпионатына үшінші рет қатысады. Пандемияға байланысты Әлем чемпионаты бір жылға шегерілді және 2021 жылдың 12 қыркүйегі мен 3 қазан аралығында Литвада өтеді. Жалпы бұған дейін футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы 2000 және 2016 жылдары әлем кубогының финалдық турнирлерінде ойнаған.

Әлем чемпионатынан бөлек, еліміздің құрамасы Еуро-2022 турниріне қатысуы тиіс болатын. Енді Израиль - Қазақстан ойыны кейінге шегерілді. Ойын 28 қаңтарда Ришон-ле-Цион қаласында өтеді деп жоспарланған. Израиль мен Қазақстан құрамалары арасындағы футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының 5-тобындағы іріктеу кезеңінің ойыны Израильде 26-31 қаңтар аралығында коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында халықаралық рейстерді жабылуына байланысты кейінге қалдырылды. Бұл туралы ҚФФ-ның баспасөз қызметі хабарлады. Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) екі құрама арасындағы ойынның мерзімін кейін белгілейді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу