Игита тағы да Әлемнің үздік қақпашысы атанды

2426

Игита лақап атымен танымал алматылық "Қайрат" футбол клубы мен Қазақстан құрамасының ойыншысы Леонардо Де Мело Виейра Лейте спорттық мансабында төртінші мәрте "Әлемнің үздік қақпашысы" атанды.

Игита тағы да Әлемнің үздік қақпашысы атанды

26-наурыз күні futsalplanet.com ресми сайтында футзал әлеміндегі жеке марапаттарға дауыс беру нәтижесі аяқталып, "Қайраттың" футболшысы Игита төртінші мәрте "Әлемнің үздік қақпашысы" атағын жеңіп алды. Бұған дейін 3 рет жеңімпаз атанған Қазақстан құрамасының қақпашысы осы номинациядағы жеңістер саны бойынша рекорд жасады.

Испаниялық "Барсаның" қақпашысы Хуанходан 20 ұпай артық жинаған Игита 696 ұпаймен үздік деп танылды. 3-орынды 655 ұпай жинаған "Спортинг" қақпашысы Гитта иеленді.

"Қайраттың" қақпасшысы Леонардо Де Мело Виейра Лейте ойын барысында  команданың шабуылына белсенді араласатындықтан Игита лақап атына ие болған. Өткен ғасырда үлкен футболдан Колумбия құрамасының қақпашысы Рене Игита да ойынға белсене араласатын болған. Рене даңқты марапаттарға ие болмағанымен, оның ізбасары алматылық футзал командасының қақпашысы Леонардо Де Мело Виейра Лейте төрт мәрте жер шарындағы ең үздік қақпашы деп танылды. Игита 2015,2016,2017-жылдары үздік қақпашы болып танылса, италиялық Стефано Маммарелла да үш рет сол жүлдеге ие болған. Ал осы атақты төртінші мәрте ұтып алған Игита енді рекордсмен атанып отыр.

"Не дерімді де білмей отырмын. Мен осымен төртінші мәрте жеңіске жеттім. Бірақ, бұл марапатты алғаш рет жеңіп алған секілді сезімде болдым", - деді қақпашы "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметіне берген сұхбатында. – Бірінші орынды иеленген сәтте қатты толқыдым. Сол сәттегі сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Әйелім екеуміз қуаныштың көз жасына ерік бердік. Ең алдымен Қазақстанға және жанкүйерлерге алғыс білдіремін", - деп қоса кетті футболшы.   

Ермұхамед Мәулен

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу