Халықаралық хоккей федерациясының ресми сайты Қазақстан құрамасы Әлем чемпионаттарында ойнаған жылдар барысында әткеншек команда мәртебесіне ие екендігін еске салды. Себебі еліміздің құрамасы элитада өнер көрсетіп жүріп, бірінші дивизионға оралады. Сосын қайта жоғарғы лигаға ұмтылады. Алайда, оған қарамастан IIHF Қазақстанның нағыз хоккей таланттарының негізін қалағандығын мойындайды. Егер сол таланттарды бір уақытта командаға жинай алатын мүмкіндік болса, олар бәсекеге қабілетті элиталық құраманы жасақтайтын еді.
"Ел тәуелсіздік алғаннан кейін өскемендік "Торпедо" мектебі басқа қалаларда да командалардың санының артқанына қарамастан қазақ хоккейінде өзінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Бұған дейін көптеген қазақстандық үздік ойыншылар Ресейде ойнайтын немесе мұхит асып кетіп те жатты. Алайда, бүгінде олар Қазақстанда қалып, Құрлықтық Хоккей Лигасында Нұр-Сұлтан қаласының "Барыс" хоккей клубында ойнап жүр. Оған қоса хоккей Қазақстанның сүйікті спорт түріне айналды", - деп жазған IIHF ресми сайты.
Қазақстанның хоккей тарихындағы символикалық құрамына келесі спортшылар кірді:
- 1975 жылы туылған қақпашы Виталий Еремеев. Ол 1998, 2004, 2010, 2012, 2014 жылдары Әлем чемпионатына қатысқан. Осылайша Ермеевтың спорттық мансабы жиырма жылға жуық уақытқа созылды. Хоккейші 1994 жылы Әлем чемпионатында командамен бірге С тобынан, яғни 3-дивизионнан элитаға дейін көтерілген. Өскеменнің тумасы 1998-жылы және 2006-жылы өткен Олимпиада ойындарына қатысып, қазақ хоккейінің аңызына айналды.
- Алексей Торщинский мен Евгений Паладиев қорғаушылар жұбы КСРО намысын қорғаған және үш мәрте Әлем чемпионы атанған. КСРО чемпионаттарында Өскеменнің "Торпедо" командасында ойнағаннан кейін мәскеулік "Спарттакқа" ауысып, бірден құрама сапына алынды.
- Қорғаушылар: Евгений Паладьев (1948-2010, 1969, 1970, 1973 жылдары Әлем чемпионатына қатысқан), Алексей Трощинский (1973 жылы туылған, 1998, 2004, 2012 жылдары Әлем чемпионатына қатысқан);
- Шабуылшылар: Талгат Жайлауов (1985 жылы туған, 2006, 2010, 2012, 2014 жылдары Әлем чемпионатына қатысқан), Николай Антропов (1980 жылы туған, 1998, 2014 жылдары әлем чемпионатына қатысқан), Евгений Корешков (1970 жылы туған, 1998, 2004, 2005, 2006 жылдары Әлем чемпионатына қатысқан).
Ерекше ойын мәнерімен көзге түскендер: Виталий Колесник (қақпашы), Кевин Даллмэн (қорғаушы), Ерлан Сағымбаев, Роман Старченко (екеуі де шабылдаушы).
Ермұхамед Мәулен