ІІМ басшысының орынбасары сөгіс алды

2151

Юрий Ильин қадағалайтын төтенше жағдайлардың алдын алу жұмысының сын көтермейтіні айтылды.

ІІМ басшысының орынбасары сөгіс алды

"Қазақстан президенті әкімшілігіне ІІМ министрінің орынбасары Ильин Юрий Викторовичке сөгіс жариялау енгізілсін. Өйткені ол мемлекет басшысының өкімімен тағайындалған", – деді премьер-министр Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысында.

Сонымен қатар ҚР ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитет төрағасы Беккер Владимир Робертовичке де қатаң сөгіс берілді.

Астана қаласының төтенше жағдайлар департаментін ұзақ уақыт бойы басқарған ҚР ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Дұзақбаев Барат Оспанұлын лауазымынан босатуға тапсырма берілді.

Елордадағы ТЖ департаментінің басшысы міндетін атқарушы Аманбаев Марғұлан Топашұлы қатаң сөгіс алды. Ол ұзақ уақыт бойы Астанадағы департамент басшысының орынбасары қызметін атқарып келген болатын.

Еске сала кетейік, 4 ақпан түні Астанада уақытша тұрғызылған үйде болған өрт салдарынан бес қыз бала қайтыс болған еді. Қайғылы оқиға болған кезде балалардың ата-анасы жұмыста болған. ТЖК ақпары бойынша, өрт пеш жаққан кезде қауіпсіздігін сақтамау салдарынан болған.

Карина Алимова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу