Ильин алтын алды

1706

Қазақстандық Илья Ильин Ташкентте ауыр атлетикадан өткен Халықаралық ынтымақтастық чемпионатында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша алтын медаль жеңіп алды.

Ильин алтын алды

Өзбекстан астанасында Ильин қоссайыс бойынша барлығы 355 кг (160+195) көтеріп, басты қарсыласынан екі келі артық салмақты бағындырды. Қатарлық Фарес Ельбах 2-орын иемденсе, барлығы 341 келі зілтемірді көтерген Өзбекстан спортшысы Умарбек Шохназаров үздік үштіктің қатарына ілікті.

Ташкентте өткен турнир Олимпиадаға жолдама алуға бағытталған. Турнирде ауыр атлеттердің рейтингтік ұпай жинауына және жиналған ұпайлар 2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндік береді. Илья үшін бұл спортқа қайта оралғаннан кейін иемденген алғашқы жеңіс. Ол 2008, 2012 жылдары Олимпиада ойындарында иеленген алтын медальдарынан айырылып, екі жылға спорттан шеттетілген болатын.

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы барлығы үш медаль жеңіп алды. Сонымен, Ильинмен бірге Игорь Сон (61 келіге дейінгі салмақта) алтын медальмен, ал Ибрагим Берсанов (109 келіге дейінгі салмақта) күміс медальмен елге оралды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу