Илон Маск электрұшақтардың қашан жарыққа шығатынын айтты

11558

Аккумулятормен жүретін электрұшақтар 5 жылдан кейін қолданысқа енгізіледі.

Илон Маск электрұшақтардың қашан жарыққа шығатынын айтты

Tesla және SpaceX компанияларының бас директоры Илон Маск Twitter қолданушыларымен электрұшақтарды  талқылау кезінде осындай мәлімдеме жасады. Оның ойынша, таяу 5 жылда техникалық прогрестің арқасында адамдардың электрұшақтармен жол жүруі бек мүмкін.

Пікір алмасу барысында Илон Маск аккумулятормен жүретін мұндай ұшақтар алыс қашықтыққа ұша алмайтын айтып қалды. Дегенмен батарея сыйымдылығын арттыру үшін құрастырушылардың қызу жұмыс істеп жатқанын тілге тиек етті. 

Миллиардердің айтуынша, "болашақ көлігінің" басты артықшылығы қозғалтқыш салмағының әлдеқайда жеңіл болуында. Бұл құрылғы энергияны іштен жанатын қозғалтқыштарға қарағанда көлікті тиімдірек іске қосады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу