Илон Маск тағы да триллионер атанды

Оған Tesla мен SpaceX акцияларының қымбаттауы себеп болған.  

Илон Маск тағы да триллионер атанды Фото: rbc.ru

ТАСС-тың жазуынша, оның байлығы бірнеше күн ішінде 30,6 млрд долларға артқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Forbes журналы 5 қазанда сауда-саттық ашылғаннан соң Tesla мен SpaceX акцияларының өсуі Масктің байлығын қайтадан 1 трлн доллардан асырғанын мәлім етті. 

Басылымның бағалауынша, ол әлемдегі ең бай адам мәртебесін сақтап қалды. Екінші орында тұрған Джефф Безостың байлығы – 371,5 млрд доллар.

Маск алғаш рет маусым айында SpaceX-тің Nasdaq биржасына шығуынан кейін триллионер атанған. Десе де, бірнеше күннен соң SpaceX пен Tesla акцияларының арзандауына байланысты бұл мәртебесінен айырылған еді. Соңғы күндері екі компанияның да акциялары қымбаттап, кәсіпкердің байлығы қайтадан 1 трлн доллар межесіне жақындады. Тек 2 қазанда Tesla-ның үшінші тоқсандағы көлік жеткізілімі сарапшылар күткеннен жоғары болғаннан кейін Масктің байлығы 61 млрд долларға артқан. 

5 қазан таңертең Tesla акциялары 1 пайыздан астам, ал SpaceX акциялары 5 пайыздан астам қымбаттап, бір акцияның бағасы 167 долларға жетті.

SpaceX акцияларының өсуіне Morgan Stanley сарапшыларының компания бағалы қағаздарын төмен бағаланған деп есептеуі, сонымен қатар өткен аптада Starship кемесінің орбитаға алғаш рет сәтті шығарылуы әсер етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу