Илон Маск Wikipedia-ға балама Grokipedia платформасын іске қосты

209

Бұл жоба – Масктың танымал технологиялық өнімдерге балама құру бағытындағы кезекті бастамасы.

Илон Маск Wikipedia-ға балама Grokipedia платформасын іске қосты Фото: BBC

Америкалық кәсіпкер әрі миллиардер Илон Маск Wikipedia-ға балама жаңа жоба – Grokipedia платформасын іске қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Халықаралық басылымдардың мәліметінше, жаңа сайттың стилі мен құрылымы Wikipedia-ға ұқсас. Қазір онда ChatGPT, Дайан Китон және 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты секілді тақырыптарға арналған мақалалар жарияланған.

Grokipedia оның xAI компаниясы әзірлеген жасанды интеллект жүйесі Grok негізінде жасалған.

Кәсіпкердің жақтаушылары платформаның іске қосылуын қуана қарсы алса, сыншылар жалған ақпараттар мен Wikipedia мәтіндерін сөзбе-сөз көшіру жағдайларына назар аударды.

Іске қосылған сәтте сайтта шамамен 885 мың мақала орналастырылған. Ал салыстырмалы түрде ағылшын тіліндегі Wikipedia қорында 8 миллионнан астам материал бар.

Grokipedia.com іске қосылғаннан кейін бірнеше сағат бойы тұрақты жұмыс істегенімен, кейін кейбір қолданушылар техникалық ақаулардың туындағанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу