Илон Маск өзіне жаңа саяси партия ашып алды

390

Сүйінші жаңалықты желіге жариялады.

Илон Маск өзіне жаңа саяси партия ашып алды Фото: BBC

Әлемдегі ең бай адамның бірі, SpaceX компаниясының негізін қалаушы, Tesla-ның тең құрылтайшысы Илон Маск "Америка партиясы" атты жаңа партия құрылғанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

"2-ге 1 артықшылықпен сіздер жаңа саяси партия болғанын қаладыңыздар. Ол партия құрылады. Біздің ел шектен тыс шығындар мен жемқорлық салдарынан банкрот болуға жақындаған тұста, біз бірпартиялы жүйеде өмір сүріп жатырмыз, бұл демократия емес деген сөз. Бүгін сіздерге еркіндіктеріңізді қайтару үшін "Америка" партиясы құрылды", – деп жазды ол X желісінде.

АҚШ-тың Тәуелсіздік күні қарсаңында миллиардер "Америка партиясын құруымыз керек пе?" деген сауалнама жариялады. Бір тәуліктің ішінде шамамен 1,3 миллион желі қолданушысы дауыс беруге қатысты. Олардың 65 пайыздан астамы бұл идеяны қолдады.

Тиісті сауалнама АҚШ президенті Дональд Трамптың салық реформасына қатысты жаңа заңды енгізгеннен кейін жарияланды. Илон Маск бұл құжатты сынға алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу