Сәуір айының соңғы күні танымал қазақстандық спортшылардың бірі Илья Ильин Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықовамен кездесуі жайлы айтты.
"Мен спорттық мансабымды аяқтайтын кез келді деп айтқан болатынмын. Жақында спорттың басқа салаларында өзімді сынап көру үшін менің бос уақытым көп болады. Солардың бірі спорт саласындағы менеджмент. Гүлшара Наушақызы туған жеріме спорттық функционер ретінде келгеніме жылы жүзбен қарады әрі қызығушылық танытты",- деп жазды Илья Ильин өзінің Instagram парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, былтыр Ильин 2020-жылы спорттық мансабын аяқтауы мүмкін екендігін айтқан. 2016-жылы ауыр атлетші 2008 және 2012 жылдары Олимпиада ойындарында иеленген екі алтын жүлдесінен айырылды. Себебі оның қан құрамынан қаубылдауға тиым салынған заттар табылған. Нәтижесінде Ильин спорттан екі жылға шеттетілді. 2018 жылы үлкен спортқа қайта оралған ол мансабын сәтті бастады деуге болады. Сол жылы күзде Ұлттық чемпионатта 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, алтын медаль жеңіп алды. Одан кейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Ильяны 2005-2014 жылдары иеленген жүлделерінен айырған жоқ. Алайда 2018-жылы күзде иеленген алтын медалі Ильин үшін соңғы жарқын жетістігі болды. 2019-жылы 96-келіге дейінгі салмақ бойынша қатысқан Халықаралық жарыстарда төмен нәтиже көрсетті. Былтыр қыркүйек айында Тайландта өткен Әлем чемпионатында 13-нәтиже көрсетсе, Катарда ұйымдастырылған Токио Олимпиадасына іріктеу турнирінде тек 5-орынға ие болды.
Ермұхамед Мәулен