Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы қызметіне тағайындалды

3237

ҰҚШҰ Хатшылығы - Ұйым органдарының қызметін ұйымдастырып, ақпараттық, талдамалық әрі консультациялық қызмет көрсететін, тұрақты жұмыс істейтін орган.

Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы бұрынғы төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов бүгін ҰҚШҰ саммиты аясында жаңа қызметке - ұйым Хатшылығы басшысы орнына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жоғарыда жүктелген жауапкершілікті бұған дейін Хатшылық басшысы қызметін үш жыл атқарып келген Беларусь Республикасы өкілі Зась Станислав Васильевич көтеріп келді, енді ұйым тарихында алғаш рет бұл қызметке Қазақстан елі өкілі - белгілі саясаткер, қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетов тағайындалып отыр. 

Қазақстан Республикасының бесінші премьер-министрі болған және бірнеше министрлік пен облыс, қаланы басқарған шенеунік 1956 жылы 9 желтоқсанда қазіргі Атырау облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында туған. 

Иманғали Нұрғалиұлы - Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде география және биология пәнінің мұғалімі мамандығына оқып, 1979 жылы оқуын тәмәмдайды. Қызметтік жолын қарапайым ауыл ұстазынан бастаған Тасмағамбетов премьер-министр лауазымы қызметтеріне дейін атқарды.

Оның қоғамдық қызметтегі белсенді жұмысының бастауы Қазақстанның Лениншіл коммунистік одағы орталық аппаратының бірінші хатшысы қызметін атқарған уақытқа - 1989 жылға тұспа-тұс келеді. 1991 жылы тәуелсіз Қазақстанның жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болады. 

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ең алғашқы көмекшілерінің бірі болған Иманғали Тасмағамбетов 1993 жылдан 1995 жылдар аралығында президент көмекшісі, қайта айналып, 1998-1999 жылдары президенттің бірінші көмекшісі болды. Өзінің саяси мансабында Білім және ғылым министрі, Қорғаныс министрі, Президент әкімшілігінің жетекшісі, Мемлекеттік хатшы, үш рет әкім және төрт рет әртүрлі премьер-министрлердің орынбасары, бір рет премьер-министр қызметін атқарды. Елге белгілі соңғы атқарған қызметі - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы бұрынғы төтенше және өкілетті елшісі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу