Импортқа тәуелділікті азайту: Биыл іске асырылатын басты жобалар қандай?

2726

Импортқа тәуелділікті азайтып, оны дайын өніммен алмастыру және экспорттық әлеуетті арттыру перспективасына баса назар аударылып отыр.

Импортқа тәуелділікті азайту: Биыл іске асырылатын басты жобалар қандай?

Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуына қарағанда, 2022 жылдың негізгі жобалары мынадай: 

- Атырау облысында пропилен өндіретін зауыт салу; 
- Қарағанды облысында автомобиль шиналарын жасайтын зауыттың құрылысы; 
- Ақмола облысындағы алтын өндіру фабрикасы; 
- Түркістан облысында мұнай өңдейтін зауыттың құрылысы.

Сондай-ақ Шымкент қаласында алюминий банкілерін өндіру бойынша жоба іске қосылады. Сонымен бірге Шығыс Қазақстан облысында – май экстракциялық зауыты; Жамбыл облысында – минералды тыңайтқыштар өндірісін кеңейту жоспарлануда. Алматы қаласында алюминий және биметалл радиаторларының өндірісі іске қосылады.

Министрдің айтуына қарағанда, былтыр өңдеу өнеркәсібі импортының жалпы сомасы 38,3 млрд доллар болды. Шамамен 32 млрд доллар қаражат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жетекшілік ететін салаларға тиесілі.

Елге үлкен көлемде импортталатын өнімдер: машина жасау өнімдері (16,4 млрд доллар), химия өнеркәсібі (3,2 млрд долл.), қара металлургия (2,4 млрд долл.), тамақ өнеркәсібі (3 млрд долл.), жеңіл өнеркәсіп (2,2 млрд долл.), құрылыс материалдары (1,4 млрд долл.), түсті металлургия (679 млн. долл).

"Биыл жоспарланған жобаларды іске қосу 1,2 млрд доллар көлеміндегі импортты алмастыруға, сонымен бірге 3 млрд доллар сомасына экспортқа шығаруға бағытталған", – деп сендіреді Өскенбаев.

Жасын Қалибек​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу