Заңнамаға сәйкес, ұлттық аза тұтуға байланысты Қазақстанның мемлекеттік туы, Қарулы Күштерінің тулары тутұғырдың жартысын дейін түсіріледі. Бұл күні теледидар мен радио арналарында жарнама жасауға тыйым салынады. Отандық телеарналар мен радиостанциялар ойын-сауық бағдарламаларын таратуды тоқтатып, газеттер ойын-сауық туралы ақпараттан бас тартады.
Індет құрбандарын үнсіз еске алу рәсімі республиканың барлық аймағында өтеді. Құрбандарға тағзым шарасын республикалық арналар тікелей эфир арқылы көрсетеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу