Александр Бублик АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан беделді турнирдегі өнерін аяқтады.
Қазақстандық спортшы 1/16 финалда әлемнің 117-ракеткасы, аустралиялық Ринки Хидзикатамен кездесіп, тартысты матчта жеңіліп қалды.
Кездесу 2 сағат 38 минутқа созылды. Фаворит саналған Бублик үш сет қорытындысы бойынша 7:6 (7:3), 6:7 (3:7), 3:6 есебімен қарсыласына жол берді.
Матчтың алғашқы сетінде қазақстандық теннисші сенімді ойын көрсетіп, тай-брейкте басым түсті. Алайда екінші партияда Хидзиката қарымта қайтарып, тағы бір тай-брейкте жеңіске жетіп, есепті теңестірді. Шешуші үшінші сетте аустралиялық ойын тізгінін қолына алып, жарыстың келесі айналымына жолдама алды.