Индиан-Уэллс. Елена Рыбакина 1/8 финалда

956

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты.

Индиан-Уэллс.   Елена Рыбакина 1/8 финалда Фото: SportX.kz

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 22-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен шеберлік байқасты. Қарсыластар осыған дейін бес рет кездесіп, соның төртеуінде испаниялық спортшы жеңіске жеткен еді. Бұл жолы Рыбакина 6:3, 7:5 есебімен есе қайтарды.

Елена Рыбакина жалпы жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған мастерс жарысының ширек финалына шығу үшін рейтингте 66-сатыдағы Варвара Грачевамен кездеседі.

Ал Қазақстан жасөспірімдер құрамасы теннистен 14 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысатын болды. 20 наурыз бен 1 сәуір аралығында Малайзияның Кучинг қаласында World Junior Tennis Competition 14&under Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің топтық бәсекесі өтеді.

Осы додада Қазақстан намысын мына теннисшілер қорғайды.

Ұлдар:

Михаил Мищенко (Алматы),

Ярослав Пшеничный (Астана),

Мансұр Сайынов (Ақтөбе).

Команда капитаны Сергей Квак.

Қыздар:

Ева Корышева (Ақтөбе),

Сабина Шухратова (Шымкент),

Еркежан Жаңатаева (Алматы).

Команда капитаны Мәдина Рахым.

Іріктеу кезеңінде 16 команда төрт топқа бөлініп, бақ сынайды. Әр топтан екі құрама плей-офф кезеңіне шығады. Сосын командалық әлем чемпионатының финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады. Биыл Азия – Тынық мұхит аймағынан ұлдар құрамасына 4, қыздарға 3 жолдама беріледі.

Өткен жылы 14 жасқа дейінгілер арасында қазақстандық жасөспірімдер алғаш рет командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне қатысып, қола жүлде үшін бәсекеде АҚШ құрамасына жол берді. Сөйтіп үздік төрттікке ілікті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу