Indian Wells. Михаил Кукушкин іріктеуден сүрінбей өтті

981

Қазақстандық теннисші іріктеу финалында жапониялық Есихита Нисиоканы 6:2, 7:6 (7:4) есебімен ұтты.

Indian Wells. Михаил Кукушкин іріктеуден сүрінбей өтті

Матч 2 сағат 8 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Михаил бір эйс жасап, үш қателікке жол берді және 18-брейк-пойнттың төртеуін орындады. Бұл қарсыластардың алғаш рет бетпе-бет кездесуі. Енді 12-наурыз күні Кукушкин жарыстың бірінші айналымында америкалық Томми Полмен сынға түседі.

10 наурызда басталатын Indian Wells турнирінің негізгі кезеңінің алдында жарыстың жеребе тарту рәсімі өтті. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик алғашқы айналымда британиялық Энди Маррей мен жапониялық Таро Даниэль арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды. Жұптық сында Андрей Голубев неміс Александр Зверевпен дуэтте Даниель Эванс (Ұлыбритания) / Карен Хачанов (Ресей) жұбымен өзара мықтыны анықтайды.

Жүлде қоры 8,5 млн АҚШ долларынан асатын ірі жарыста әйелдер арасында еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина да өнер көрсетеді. Ол жарысты бірден екінші айналымнан бастайды. Юлия Путинцева америкалық Эшли Крюгермен кездеседі.

Жұптық сынның бірінші кездесуінде Анна Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен дуэтте германиялық Лаура Зигмунд пен ресейлік Вера Звонаревамен сайысқа түссе, эстониялық Анет Контавейтпен бірге Елена Рыбакина америкалық теннисшілер Софи Кенин/Элисон Риске қарсы ойнайды.
Ермұхамед Мәулен