Индонезия мен Малайзия тәжірибелерімен бөліседі

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
11343

26-29 қыркүйек күндері  "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарма басшысы Қайрат Келімбетов бастаған делегация Индонезия мен Малайзияда болды. 

Индонезия мен Малайзия тәжірибелерімен бөліседі

Алдыңғы қатарлы қаржы институттармен ынтымақтастық орнату, исламдық қаржыландыру саласында және исламдық қаржыландыру технологиясы құралдарын енгізу мәселесінде тәжірбие алу - сапардың басты мақсаты болды. Индонезиядағы ҚР елшілігінің көмегімен АХҚО басшысы Индонезия қаржы министрлігінің орынбасары - салық саясаты мәселелері бойынша агенттік төрағасы Суахасил Назармен, Syariah Mandiri Bank (OJK)  президент-директоры Агус Судиартомен және қаржылық қызмет көрсету басқармасының төрағасы  Мулиаман Хададпен кездесті.

Сонымен қатар Қ. Келімбетов OJK семинарына және Global Islamic Finance Award сыйлығын тапсыру салтанатына қатысты. Келімбетов атап көрсеткендей, Индонезия исламдық қаржы технологиялары нарығын белсенді дамыту және елдегі стартаптарды белсенді қолдану тұрғысынан АХҚО-ны айтарлықтай қызықтырып отыр. Осы шаралардың нәтижесінде Индонезия АСЕАН кеңістігінде Сингапурдан кейін екінші ірі елге айналды. Осы бағыттағы біздің ынтымақтастығымыз Қазақстандағы исламдық қаржыландыруды дамыту үшін  негізгі фактор болуы мүмкін.

Индонезияның қаржы қызметін көрсету басқармасының төрағасы Мулиаман Хадад, өз кезегінде, АХҚО-мен өзара тығыз әрекет етуге Индонезияның дайын екендігін айтты. Тараптардың тәжірбие мен нормативтік-құқықтық базаларды дамыту бойынша ақпарат алмасу, сонымен қатар, қаржылық нарықты реттеу туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюы осы ниеттің дәлелі болды. Сапар соңында осы өңірдегі исламдық қаржыны дамытуға қосқан үлесі үшін АХҚО-ға Global Islamic Finance Award сыйлығы табыс етілді.

Сонымен қатар 26-28 қыркүйек аралығында АХҚО делегациясы Малайзия еліне сапар шекті. Оның барысында АХҚО басшысы Малайзияның экономикалық жоспарлау департаменті (EPU) бас директорының орынбасары Ник Азманмен, Малайзия Орталық банк (Bank Negara) төрағасы Мұхаммад бин Ибраһиммен,  Khazanah Nasional Berhad инвестициялық қорының бас қаржы директоры Изани Ганимен, Малайзияның құнды қағаздар бойынша комиссиясының төрағасы Ранжит Сингхомимен, "Maybank" төрағасы Захарутдин Мохд Нороммен, Малайзияның экономикалық даму басқармасының (PEMANDU)  бас басқарушы директоры Идрис Джаламен кездесті.

Келімбетов АХҚО бүгінгі күні исламдық қаржыландыру бойынша әлемдік орталықтардың бірі ретінде кең танылған Малайзияның жемісті тәжірбиесін белсенді қолдануды жоспарлап отырғанын айтты.

Ислам қаржы құралын тарату мен исламдық қаржылық қызмет көрсетудің кең спектрін ұсынуда АХҚО-ны  дамудың негізгі орталығының бірі ретінде қалыптасуына Малайзия өз үлесін қосуға дайын екендігін айтты. Малайзия қор биржасы мен исламдық қаржы бойынша халықаралық шариғатты зерттеу академиясының басшылықтары, исламдық қаржы қызметі бойынша кеңестің бас хатшысы, ислам банкингі мен қаржы  институты (IBFIM), ислам қаржысы әлемдік  университеті  (INCEIF), қаржылық аккредитациялық агенттік (FAA), сондай-ақ ислам банк институттарының қауымдастығы  (AIBIM), исламдық сақтандыру бойынша малайзия компаниясының (Syarikat Takaful Malaysia Berhad) басшыларымен жүргізілген келіссөздер нәтижелі болды.  

Сондай-ақ, Малайзиядағы ҚР елшілігін және MIFC Малайзия халықаралық ислам қаржы орталығын ұйымдастыру барысында Малайзияның исламдық қаржыландыру саласындағы Malaysia Development Bank, Financial Court of Malaysia Financial Center, International Islamic Liquidity Management Corporation, Nomura Asset Management Malaysia, Kuwait Finance House, Hong Leong Islamic Bank Berhad, Amanie Advisors, Rating Agency Malaysia, Guidance Financial Group, Amundi Islamic, Labuan IBFC, Silver lake, Path Solutions, Investment Account Platform сияқты алдыңғы қатарлы институттарының қатысуымен дөңгелек үстөл өтті. Кездесулердің қорытындысы бойынша Малайзияның исламдық банкинг және қаржы институтымен (IBFIM), әлемдік ислам қаржы университетімен  (INCEIF), қаржылық аккредитациялық агенттігімен (FAA), сондай-ақ ислам банкі институттарының қауымдастығымен (AIBIM) өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 Жанболат Мамышев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу