inDrive енді такси жүргізушілеріне несие бермек

1607

Такси қосымшасы мұндай жүйені Қазақстанда да енгізуі мүмкін. 

inDrive енді такси жүргізушілеріне несие бермек Фото: inbusiness.kz

Такси қосымшасы inDrive қаржылық технологиялар фирмасы R2 серіктестігімен Мексикадағы жүргізушілерге несие беру үшін серіктестік құрды. Мұны осы компанияның жаңа басшысы хабарлап отыр. Оның мәлімдеуінше, авотасымалдаушы несиеге қол жеткізу қиын елде мұндай қаржылық қызметті алғаш рет ұсынбақ.

Қосымша, сонымен қатар, Mastercard компаниясымен бірігіп, солтүстіктегі өнеркәсіптік Монтеррей қаласында жүргізушілерді кредит карталарымен қамтамасыз ету үшін жергілікті Giro және Galileo финтех топтарымен ынтымақтастық орнатпақ.

"Елестетіп көріңізші, сіздің бүкіл күнкөрісіңіз автокөлікпен немесе мотоциклдермен байланысты делік. Енді сол техниканың сынғанын елестетіп көріңіз. Ал оны жөндеу құны 150 доллар тұрады. Ақшаңыз жоқ. Мұндай жағдайда тығырықтан қалай шығасыз?", - дейді "Рейтер" агенттігіне берген сұқбатында компания президенті Марк Лофран.

Мексикада халықтың көп бөлігі үшін банк қызметтері қолжетімсіз . Ал банктік шоттарды аша алатын адамдар, мысалы, inDrive жүргізушілері - несие немесе несие карталарын аларда үлкен қиындықтарға жиі тап болады және олардың кредит тарихы жақсы болуы керек.

Лофранның айтуынша, inDrive кейде "бопсалауға" ұқсайтын ақша алу тәсіліне  балама ретінде жүргізушілерге ақылға қонымды опцияларды ұсынуға әрекеттенбек.

Оның айтуынша, жүргізушілерге берілетін орташа несие шамамен 300 долларды құрайды. Ал оған қосылатын пайыздық мөлшерлеме деңгейі елдегі жалпы стандартқа жақын. Мексиканың орталық банкінің осы айдың басында жариялаған есебіне жүгінсек, бұл мемлекетте тұтынушылық несиелер бойынша орташа пайыздық үстеме шамамен 46%-ға жақын екен.

Несие және несие карталары туралы ұсыныстар – inDrive компаниясының алғашқы қаржылық өнімі. Ал осы жаһандық транспорт және қалалық қызмет қосымшалары қазір әлемнің 40 шақты елінде қол жетімді.

Лофран болашақта аталған қаржылық қызметтерді ұсыну әлеуеті бар елдерді де атады. Олардың қатарында inDrive қосымшасы қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған Бразилия, Колумбия, Мысыр, Пәкістан және Қазақстан бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу