Инфляция белгіленген шектен аспады

Фархат Әміренов Фархат Әміренов
2602

2017 жылдың қорытындысы бойынша елдегі инфляция деңгейі 7,1%-ды құрады.

Инфляция белгіленген шектен аспады

ҚР ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің хабарлауынша, былтыр азық-түлік тауарларының бағасы 6,5%-ға, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 8,9%-ға, ақылы қызметтер 5,9%-ға өскен.

Жыл басынан бері картоп 28,7%-ға, тәтті бұрыш – 28,6%-ға, пияз – 28,2%-ға, сәбіз – 19,3%-ға, сиыр еті – 15,3%-ға, қой еті – 14,1%-ға, консервіленген сүт – 11,6%-ға, сары май – 11,3%-ға, кондитерлік өнімдер – 10,7%-ға, мәйекті ірімшік – 10,3%-ға, жылқы еті – 9,8%-ға, жаңа ауланған балық бағасы 9,4%-ға қымбаттаған.  

Ал қарақұмық жармасы 28%-ға, сарымсақ – 25,6%-ға, қант – 19,5%-ға, қызанақ пен жұмыртқа – 16%-ға, қияр – 12,5%-ға, күнбағыс майы – 9,9%-ға, қырыққабат бағасы 5,2%-ға арзандады.

Сондай-ақ кеңсе тауарлары мен сызу құралдары 10%-ға, автомобильдер – 9,2%-ға, шыны және қыштан жасалған өнімдер – 8,9%-ға, кітаптар, киім және аяқ киім – 8%-ға, тоқыма бұйымдары – 7%-ға, фармацевтикалық өнімдер – 6,6%-ға, газеттер мен журналдар – 6,5%-ға, жуғыш және тазалағыш құралдар – 6,3%-ға, жеке қолданатын тауарлар – 6,2%-ға, жиһаз және үйге қажетті заттар – 5,8%-ға, тұрмыстық аспаптар бағасы 5,5%-ға өсті.

Сонымен қатар, жыл басынан бері дизель отыны 31,8%-ға, бензин – 17,6%-ға, тас көмір – 17,4%-ға, баллондағы сұйытылған газ бағасы 8,6%-ға қымбаттады.

2017 жылы денсаулық сақтау саласындағы қызметтер 7,9%-ға, құқықтық қызметтер – 7%-ға, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер – 6,9%-ға, көлiк құралдарын сақтандыру – 6,8%-ға, қонақ үйлер - 6%-ға, қоғамдық тамақтандыру бағасы 5,8%-ға өсті.

Қала ішінде автобуспен жол жүру ақысы 9,6%-ға, қалааралық қатынас– 7,1%-ға, жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру – 4,6%-ға, алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігінің бағасы 0,2%-ға қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер тарату желілері арқылы тасымалданатын газ бағасы 11,4%-ға, ыстық су – 10,9%-ға, орталықтан жылыту – 9,9%-ға, кәріз жүйесі – 9,1%-ға, тұрғын үйді күтіп ұстау – 7%-ға, суық су – 5,1%-ға, электр энергиясының бағасы 5%-ға жоғарылады.

Статистика комитеті хабарлағандай, инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді.

Жалпы жыл басында инфляцияның шектік деңгейі 6-8% деп белгіленген болатын. 2017 жылдың қорытындысы бойынша инфляция белгіленген шектен асқан жоқ.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу