Инфляция деңгейі шектен шықты

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
16067

2016 жылдың 11 айында еліміздегі инфляция деңгейі 7,5 % жетті. 

Инфляция деңгейі шектен шықты

Осылайша, Ұлттық банк белгілеген 6-8 % дәліздің жоғарғы нүктесіне таяп қалды.Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтеріне жүгінсек, 11 айда азық-түлік тауарларының бағасы 7,8 %, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 8,6 %, ақылы қызметтер 6 % қымбаттады.
Жыл басынан бері шай 36,8 %, жарма 31,3 %, қант 18,4 %, нан 16,8 %, жұмыртқа 16,7 %, кондитерлік тағамдар 15,4 %, өңделген және консервіленген көкөністер 14,8 %, күнбағыс майы 12,8 %, құс еті 12,1 %, салқындатқыш сусындар 11,8 %, макарон өнімдері 11 %, жеміс-жидек және көкөніс шырындары 10,2 %, түрлі нан өнімдері 9,6 %, кептірілген жемістер мен жаңғақтар 7,1 %, картоп 6,6 % қымбаттады.
Жаңа піскен көкөністердің бағасы 15,6 %, шикі сүт бағасы 1,9 % арзандады.
Фармацевтика өнімдері 16,6 %, кеңсе тауарлары мен сызу құралдары 13,6 %, жеке бастың тұтыну тауарлары 12,1 %, тазалау құралдары 11,1 %, тұрмыстық құралдар 10,2 %, тоқыма бұйымдары 10,1 %, шыныдан және керамикадан жасалған бұйымдар 9,2 %, автокөлік, киім мен аяқ киім 8,4 % көтерілді. Дизель отыны 39 %, баллондағы сұйылтылған газ 16,5 % артты.
Денсаулық сақтау қызметтерінің құны 9,8 %, білім беру 6,5 %, демалу,ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер 6,2 %, мейрамханалар мен қонақүйлер 6,1 %, шаштараз және жеке қызметтер құны 4,8 % өсті.
Ұшақпен жүру ақысы 11 %, ұзақ қашықтыққа теміржол көлігімен жүру ақысы 10,3 %, қалада автобуспен жүру ақысы 8,4 % көтерілді.
Тұрғын үй-коммуналдық қызмет саласында канализация тарифтері 25,2 %, суық су 12,2 %, қоқыс шығару 11 %, орталық жылыту 8,4 %, ыстық су 8,2 %, газ 7,5 %, электр қуаты 6,1 % қымбаттады.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын ұлттық банк пен үкімет өздерінің негізгі басымдығы – инфляцияны 6-8 % деңгейінде ұстап тұру деп бірнеше рет айтқан болатын. 2021 жылға дейінгі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес, инфляция деңгейі бес жылдың ішінде біртіндеп 3-4 %-ға дейін төмендеуі тиіс еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу