Инфляция өсімді кері тартып тұр

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
2440

8 айда Қазақстандағы инфляция 3,9%-ды құрады.

Инфляция өсімді кері тартып тұр

Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің хабарлауынша, 2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында азық-түлік тауарларының бағасы 3,6%-ға, азық-түлік емес тауарлар 4,2%-ға, ақылы қызметтер 4%-ға өсті.

Нақтырақ айтсақ, жыл басынан бері (2016 жылғы желтоқсан – 2017 жылғы тамыз) картоп – 17,3%-ға, қой еті – 12%-ға, сиыр еті – 11,2%-ға, консервіленген сүт – 8,7%-ға, кондитерлік өнімдер – 7%-ға, жылқы еті – 6,6%-ға, сары май, мәйекті ірімшік – 6,5%-ға, жаңадан жиналған жемістер – 2,4%-ға қымбаттаған. Ал қияр 68,6%-ға, қызанақ – 55,2%-ға, жұмыртқа – 30,2%-ға, сарымсақ – 23,2%-ға, қарақұмық жармасы – 18,8%-ға, тәтті бұрыш – 17,9%-ға, күнбағыс майы 10,4%-ға төмендеген.

Азық-түлік емес тауарлар ішінде кеңсе тауарлары мен сызу құралдары бағасы 8,4%-ға, шыны және қыштан жасалған өнімдер – 7%-ға, автомобильдер – 5,5%-ға, газеттер мен журналдар – 5,1%-ға, кітаптар – 4,9%-ға, тоқыма бұйымдары – 4,3%-ға, киім және аяқ киім – 4,2%-ға, фармацевтикалық өнімдер – 3,8%-ға, жеке қолданатын тауарлар, тұрмыстық аспаптар – 3,7%-ға, жиһаз және үйге қажетті заттар – 3,5%, жуғыш және тазалағыш құралдар 3,2%-ға өскені байқалды.

Дизель отыны 9,3%-ға, баллондағы сұйытылған газ – 7,7%-ға, бензин – 5,7%-ға қымбаттады. Құқық қызметтер бағасы 7%-ға, көлiк құралдарын сақтандыру – 6,8%-ға, денсаулық сақтау – 5,1%-ға, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер – 3%-ға, қоғамдық тамақтану 2,9%-ға өсті. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы 36,5%-ға, ішкі қалалық автобуспен жүру – 8,9%-ға, қалааралық қатынас 4,4%,-ға қымбаттады. Ал алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігімен жүру 0,4%-ға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәріз жүйесіне 9,6%-ға, орталықтан жылыту қызметі – 7,3%-ға, тұрғын үйді күтіп ұстау – 6,2%-ға, суық су – 5,7%-ға, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ – 4,8%-ға, электр энергиясы – 3,8%-ға, ыстық су 3,6%-ға қымбаттады.

Еркебұлан Қыздарбек, Ирина Севостьянова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу