"Инфосығандардың" курстарына бақылау бар ма: Ғылым министрлігі пікір білдірді

349

Ведомство бұл біздің құзыретімізге кірмейді деп отыр.

"Инфосығандардың" курстарына бақылау бар ма: Ғылым министрлігі пікір білдірді Фото: sima-land.ru

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки әлеуметтік желілерде блогерлердің өнімдеріне тексеріс жүргізу туралы журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Тілшілер Сенат кулуарында вице-министрден "Министрлік дәйексіз курстарды тарататын блогерлерге қатысты қандай да бір шаралар қабылдай ма?" деп сұрады.  

"Блогерлік бұқаралық ақпарат құралдарына жатады. Біздің министрлік ғылымды дамытуға үлесін қосып жатқан әріптестермен тығыс қарым-қатынаста жұмыс істейді. Жастар үшін ғылыммен айналысу әрдайым қажет екенін, оның бірқатар артықшылықтары бар екенін айтып отырамыз. Блогерлерге қатысты қандай да бір шараларды қарастырып жатқан жоқпыз. Себебі бұл біздің құзыретімізге кірмейді", – деп Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу