"Интер" Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады

194

"Интер" өзінен 610 миллион еуроға арзан клубқа жеңіліп қалды. 

"Интер" Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады Фото: vietnam.vn

"Буде-Глимт" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта матчта "Интерді" 2:1 есебімен жеңді. Кездесу Миландағы "Джузеппе Меацца" стадионында өтті.

58-минутта Йенс Хеуге норвегиялық клубты алға шығарды. 72-минутта Хакон Эвьен Хеугенің пасынан кейін есеп айырмасын ұлғайтты. "Интер" сапынан 76-минутта Алессандро Бастони бір гол соқты.

"Буде-Глимт" қақпасын бұл ойында ресейлік қақпашы Никита Хайкин қорғап, 4 сейв жасады.

Екі матчтың қорытындысы бойынша (алғашқы ойын - 3:1) норвегиялық команда 1/8 финалға жолдама алды. Бұл кезеңде олар "Манчестер Сити" немесе "Спортингпен" кездеседі.

Сондай-ақ 24 ақпанда өткен ойындардың нәтижесінде 1/8 финалға "Ньюкасл Юнайтед", "Атлетико" және "Байер" шықты. Қалған жұптар: "Аталанта"-"Боруссия" (0:2), "ПСЖ"-"Монако" (3:2), "Реал"-"Бенфика" (1:0), "Ювентус"-"Галатасарай" (2:5).

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша тікелей 1/8 финалға "Барселона", "Челси", "Ливерпуль", "Тоттенхэм", "Спортинг", "Манчестер Сити", "Арсенал" және "Бавария" жолдама алған.

1/8 финалдың жеребесі 27 ақпанда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу