Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Страсбургте өткен, жүлде қоры 221 мың еуроны құрайтын WTA турнирінде финалда жеңіліп қалды. Ол шешуші матчта Украинаның ең мықты теннисшілерінің бірі Элина Свитолинамен кездесті.
Рыбакина алғашқы сетте 4:6 есебімен жеңілді. Ал екінші сет 6:1 аяқталып, есеп теңескенімен, үшінші партияда украиналық теннисші 2:6 есебімен басым түсті. Толассыз жаңбыр жауғандықтан, матч 1 сағат 53 минутқа кеш басталды. Сонымен қатар Әлемдік рейтингте 18-орында тұрған Рыбакинаның финалдағы қарсыласы Свитолина одан әлдеқайда жоғары, 5-орында тұр.
Страсбургтегі турнир аяқталған соң екі спортшы да Парижге аттанды. Олар енді "Ролан Гаррос" турнирінде бақ сынайды. Алғашқы айналымда Рыбакина румыниялық Сорана Кырстиға қарсы кортқа шығады.
Естеріңізге сала кетсек, алғашқы айналымда қазақстандық теннисші француз қызы Ализе Корнені 6:3, 7:6 (10:8) есебімен жеңді. 1 сағат 49 минутқа созылған матчта жеңіске жеткен Елена ширек финалға шықты. Содан кейін 2-айналымда қытай қызы Чжан Шуайды ұтты. Жекелей өнер көрсету бойынша Рыбакина ½ финалда 1 сағат 17 минутқа созылған матчта жапониялық Нао Хибиноны екі сетте де, 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, финалға шықты.
Рыбакина WTA сериясының финалына осы уақытқа дейін төрт рет жетті. Өткен жылы ол жүз пайыз нәтижелі өнер көрсетті. Ол Бухарестегі халықаралық турнирдің финалына жетіп, өзінің мансабындағы алғашқы атағын алды. Бірақ биылғы жылы қазақстандықтардың сәттілігі финалға байланысты өзгеріп отырды: қаңтар айында ресейлік Екатерина Александроваға жеңіліп, Рыбакина бір аптадан кейін Австралияның Хобарт қаласында өткен WTA турнирінде екінші титулын алды. Ақпан айының ортасында Рыбакина "St. Petersburg Ladies Trophy 2020" жарысында Нидерланды өкілі Кики Бертенстен 1: 6, 3: 6 есебімен жеңіліп қалды. Содан кейін коронавирус пандемиясмына байланысты үзіліс болды. Ал осы жолғы Страсбургтегі турнир келесі "Үлкен дулыға" додасына дайындық болды. Рыбакинаның бұл жаттығуы сәтті өтті.
Ермұхамед Мәулен