Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Страсбургте (Франция) өтіп жатқан WTA турнирінің финалына шықты. Жекелей өнер көрсету бойынша Рыбакина ½ финалда 1 сағат 17 минутқа созылған матчта жапониялық Нао Хибиноны екі сетте де, 6:3, 6:4 есебімен жеңді.
Хибино екінші айналымда тағы бір қазақстандық теннисші Зарина Дияспен кездесу өткізіп, 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жеткен болатын. Финалда Рыбакина Арина Соболенко (Беларуссия) - Элина Свитолина (Украина) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Бұған дейін Рыбакина алғашқы айналымда белгиялық Гретье Миннен (7:5, 6:4) мен француз қызы Ализе Корнені (6:3, 7:6/10:8) ұтқан болатын.
Сонымен қатар бұл турнирден кейін қазақстандық теннисшілер Парижде өтетін "Ролан Гароста" бақ сынайды. Парижде негізгі матчтардың жеребе тарту рәсімі өтіп, еліміздің теннисшілері алғашқы айналымдағы өздерінің қарсыластарының кім екенін анықтады.
Ерлер арасында өтетін сайыста Қазақстан намысын Михаил Кукушкин мен Александр Бублик қорғайтын болады. Жеребе тарту рәсімінің нәтижесі бойынша Бублик алғашқы айналымда француз Гаэл Монфиске қарсы кортқа шығады. Ал Кукушкинге италиялық Фабио Фоньини қарсылас атанды.
Ал әйелдер арасында өтетін сында Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Зарина Диястар ел намысын қорғайтын болды. Коронавирус пандемиясына байланысты биыл "Ролан Гаррос" 21-қыркүйек пен 11-қазан аралығында өтеді.
Ермұхамед Мәулен