Инвестидеялар аbctv.kz-пен. Bank of America:есептілік өсудің драйвері іспетті

13638

Арзан ақшалардың қолайлы жағдайында олардың табыстарының өсуін күтуде банктер мен қаржылық компанияларды инвестициялаймыз. 

Инвестидеялар аbctv.kz-пен. Bank of America:есептілік өсудің драйвері іспетті

Ерлан Әбдікәрімов,  "Фридом Финанс"АҚ сараптама департаментінің директоры

Bank of America Corp.

KASE тикері: US_BAC

Ағымдағы баға: 4 430,7 KZT

Мақсатты баға: 5 800 KZT

Өсу әлеуеті: 23%

Инвестициялау деңгейі: 3-6 ай

Сатып алу себептері:

1. Дивиденттердің өсуі. Bank of America акционерлермен табыстарын бөлісуді жалғастыруда. ФРЖ тарапынан мақұлдау алынған жағдайда компания 2016 жылға капитал бойынша өзінің жоспары дивиденттерге қатысты 50% және акцияларды сатып алуда 5 млрд. доллар өсу болатынын мәлімдеді. Есте қаларлығы, 2016 жылы наурыз айында компания 800 млн. доллар көлемінде қосымша акцияларды 2016 жылдың екінші тоқсаны есебінен сатып алатындығын хабарлады. 2016 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша кері сатып алу үшін 1,43 млрд. доллар шамасындағы сома пайдаланылмай қалды.

2. Шығындардың төмендеуі. Шығындардың төмендеуі банктердің қаржылық көрсеткішіне қолдау көрсетуді жалғастыруда. 2011 жылы іске қосылған шығындарды қысқарту бойынша жоспар 2014 жылдың соңына дейін жалпы тиімділікті арттыруға және жыл сайын операциялық шығындар құрамында 8 млрд. долларға дейінгі үнемдеуге көмектесті. Төмендеу үрдісі 2015 жыл мен 2016 жылдың бірінші тоқсанында да жалғасты. Сонымен бірге, компания өзінің банктік желісін клиенттердің сұраныстарына сай дұрыстауды жалғастыруда.

3. Табыстар күткеннен асып кетті. Есептілік мәліметі бойынша, Bank of America 20,4 млрд. доллар көлемінде күтілген деңгейдегі ақшаны алды. Осы ретте пайда Уолл-Стрит болжағаннан асып түсіп бір акцияға 0,36 долларды құрады. Банкке шығындарды 1,3 млрд. долларға қысқарту мүмкін болды, ол  табыстардың өсуімен пайданы осы жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 60%-ға өсіруге мүмкіндік берді.  Сонымен қатар, банк депозиттердің 5,6%-ға және несиелердің 2,7%-ға өсуі туралы есеп берді, алайда төмен пайыздық мөлшерлеме саясатының жалғасуынан кейін бұл қызмет түрінен пайда былтырғы жылмен салыстырғанда 12,8%-ға төмендеді. Bank of America болжамы бойынша маржа ФРЖ –дың пайыздық мөлшерлемесінің өсуімен артуы мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу